Биыл Microsoft компаниясы қазақстандық қоғамның дамуына қосқан үлесінің 20 жылдығын атап өтуде. Соңғы екі онжылдықта компания серіктестермен бірге елдің технологиялық секторына айтарлықтай әсер етті. Инновациялық шешімдер мен қызметтерді ұсыну, үкімет пен тұрғындарды цифрлық инновацияларда қолдау, технологиялар мен ұлттық бұлтты стратегия саласындағы дағдыларды дамыту — осының барлығы Қазақстанның өңірлік көшбасшылыққа ұмтылысын нығайтуға ықпал етті.
«Бұлтты технологиялар біздің өмірімізге кеңінен енді. Технологиялар бизнес-үдерістерді оңтайландыруға ықпал етіп, күтпеген жағдайлар мен кибершабуылдарға төзімді етеді, сонымен бірге бизнесті үздіксіз әрекет ету үшін жағдай жасап, экономикалық тиімділік пен автоматтандыруды қамтамасыз етеді», — деді Microsoft корпорациясының Қазақстандағы өңірлік менеджері Сергей Лещенко. «Windows, Microsoft Teams, M365 және қауіпсіздік өнімдері сияқты Microsoft флагмандық қызметтері қазірдің өзінде елде кеңінен қолданылады. Нарық динамикасының өсуі мен пайдаланушылардың жаңа талаптарын, сұраныстарын ескере отырып, Microsoft Viva, жасанды интеллекттің негізіндегі жаңа Microsoft Bing және Edge, сондай-ақ Azure, Windows 11 сияқты өнімдер жаңа мүмкіндіктер ашуда», – деп атап өтті Сергей.
Microsoft компаниясы білім беру мен даму мүмкіндіктерін арттыру мақсатында технология, дағды және деректерге тең қолжетімділікті кеңейту бағытында жұмыс жасауда. Компания бұған дейін Оқытушыларға арналған Microsoft жазғы мектебі және кәсіби мамандардың тренингтері сияқты бағдарламаларды іске қосты, олардың арқасында 250 мұғалім мен 200 000-нан астам оқушы жаңа технологияларды білім беруде қолдану жолдарымен танысты. Соңғы он жылда 100 000-нан астам мұғалім қатысқан Innovative Educator және Microsoft Showcase School бағдарламалары оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған технологиялар негізіндегі инклюзивті тәжірибені құруға ықпал етті.
Бүгінгі таңда Microsoft және Linkedin Skills for Job бағдарламасының көмегімен кез-келген адам цифрлық экономикадағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн курстардан тегін өте алады. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті 19 000-нан астам қазақстандық пайдаланды.
Azure, BizApps және PowerPlatform сияқты бұлтты технологиялар елдің дамуына тікелей әсер етеді. Олар дәстүрлі өнеркәсіптен бастап инновациялық биотехнологиялар мен стартаптарға дейін әртүрлі салалардағы бизнестің цифрлық трансформациясына ықпал етеді. Мысалы, ҚазМұнайГаз, Kazzinc және KazMinerals компаниялары кеңседе және қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ақпаратқа тең және қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Microsoft сервистерін енгізді. Air Astana технологиялық шешімдердің көмегімен өнімділік пен тиімділікті арттырып, есептерді қалыптастыру уақытын қысқартып, командаға аналитика мен болжауға назар аударуға мүмкіндік берді. Kazteleport киберқауіпсіздік тиімділігі мен деңгейін арттыру үшін өзінің деректер орталықтарында бұлтты шешімдерді енгізді. Microsoft корпорациясының инновациялық құралдары Shell және BP-ге қоршаған ортаға әсер ету деңгейін анықтап, көміртегінің табиғатқа ықпалын азайтудың практикалық шешімдерін табуға көмектесті.
Оған қоса, стартап негізін қалаушыларға арналған Microsoft хабы және ISV Success, сондай-ақ Imagine Cup хакатоны сияқты бағдарламалар қазақстандық стартаптардың дамуына көмектесіп отыр. Осындай мысалдардың бірі – проблемаларды шешіп, жұмыстың жаңа тәсілдерін табу арқылы экономиканың барлық салаларындағы инновациялық өзгерістерге ықпал ететін қазақстандық Uniqa стартапы.
«Қазақстан Орталық Азиядағы технологиялық инновацияларды дамыту үшін елеулі мүмкіндіктері бар перспективалы нарық болып табылады. Бұлтты шешімдер, жасанды интеллект, үлкен деректер және заманауи желілер сияқты технологиялар цифрлық трансформацияда маңызды рөл атқарады. Өткен жылы Microsoft өз тәжірибесімен бөлісу, тұрақты, бай және бәсекеге қабілетті болашаққа жету жолында цифрлық трансформацияны дамытуға көмектесу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне қосылды», — дейді Сергей Лещенко.
Серіктестермен бірге Microsoft компаниясы өз клиенттеріне бизнес пен жергілікті экономика үшін тиімді шарттар, инновациялық шешімдер мен қызметтерді ұсынады. Мәселен, компания серіктестерінің бірі «Cloud Services» ЖШҚ 2022 жылы «Microsoft корпорациясының Қазақстандағы ең үздік серіктесі» наградасына ие болды.
Microsoft компаниясы дамып келе жатқан инновациялық қоғамды құрудың маңызды элементтері ретінде инфрақұрылым, ноу-хау, техникалық сараптама мен білім беруге инвестиция жасап отыр. Сондай-ақ, Microsoft прогресті ынталандыру және барлығына жарқын, инклюзивті және тең болашақ құру мақсатында адамдар мен ұйымдарға қажетті құралдар мен білім беруге тырысуда.