Бүгінгі таңда әлемде 150 миллион стартап тіркелген, сонымен қатар жыл сайын шамамен 50 миллион жаңа компания ашылады. Соның ішінде, Орталық және Шығыс Еуропадағы стартаптар дүние жүзінің назарын өздеріне көбірек аударып келеді: соңғы онжылдықта стартаптардың құны 19 есе өсті және аймақта 34 бірегей жоба дүниеге келген.

«Стартаптар проблемаларды шешу немесе жұмыс процестерін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ашу арқылы экономиканың барлық салаларында инновациялар мен үдерісті дамытуға ынталандырады. Олар дәстүрлі салалар мен нарық ойыншыларының цифрлық трансформациясын басқарады, сондай-ақ дарындылықты дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды, демек, жұмыспен қамту әлеуетін жоғарылатады, — деп түсіндірді Microsoft корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы маркетинг және операциялар бойынша аймақтық директоры Альфредо Джаннаттасио.

Осыған қарамастан, стартаптардың 90%-дан астамы өмір сүруінің бірінші жылында бизнестен шығып кетеді, өйткені олардың болашағын болжау мүмкін емес және бастамалардың табысты болуына ешкім кепілдік бере алмайды. Оларға бизнесте қалу үшін тек капитал мен инвестиция ғана емес, сонымен қатар дұрыс дағдылар, тәжірибелі тәлімгерлер, желілік мүмкіндіктер және әсіресе, біздің аймақта жаһандық нарықтар мен тұтынушыларға оңай қол жеткізуге жағдай жасау қажет», — деп атап өтті ол.

Балтық аймағында еуропалық ең ірі стартаптар орналасқан, бұл аймақта Эстония көш бастап тұр. Эстониялық IT-стартап CostPocket қолданбасын әзірледі, ол қағаз құжаттарды бірер секундтарда жоғары дәлдікпен цифрлық күйге ауыстыра алады, бұл компанияларға уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Литвада isLucid жұмыс процестерін оңтайландыру үшін жиналыс хаттамаларын пайдаланады. Microsoft Teams бағдарламалық құралы транскрипттерді ұйымдастырады және оларды ортақ пайдалануға, іздеуге және тапсырыс беруші ұйымы таңдаған тапсырмаларды басқару шешімдерімен біріктіруге қол жетімді етеді. Жасанды интеллект модельдері ықтимал тапсырмаларды болжайды және ауызекі тілді 30-дан астам тілде сапалы жазбаларға айналдырады. Латвияда RoboEatz стартап-компаниясы тағамның кең ассортиментін дайындайтын және қызмет көрсететін толық автономды роботтандырылған ас үй жүйесін ойлап тапты. RoboEatz қолданбасын пайдаланып, тұтынушылар тағам таңдауларына негізделген ингредиенттерді қосу немесе азайту арқылы оны жекелендіру мүмкіндігімен мәзірді таңдайды.

Шығыс Еуропа мен Еуразияда болгариялық Fantasian Ltd стартапы жылжымайтын мүлік менеджерлері үшін Fantastic stay бағдарламалық құралын әзірледі. Бұл құралды пайдалана отырып, пайдаланушылар демалысты жоспарлау платформаларындағы және брондау веб-сайттарындағы тізімдерін бір ғана бақылау тақтасынан басқарады. Венгрияда EDUardo Business Simulation стартап-компаниясы Microsoft технологияларына негізделген бизнес-симуляциялау платформасын жасады, ол интерактивті жағдайлық есептер түрінде терең білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, корпорациялардағы, білім беру мекемелеріндегі және бизнес мектептеріндегі білім беру жобаларына оңай біріктірілуі мүмкін.

Украинада Elai.io стартапы жасанды интеллект инновациясының тамаша үлгісі болып табылады. Бұл стартап тұтынушыларға ЖИ-мен жұмыс істейтін бейне мазмұнын және нақты адамдар қатысатын жекелендірілген бейнелерді жасау үшін мәтінді пайдалануға мүмкіндік береді. Ал Uniqa қазақстандық стартап пайдаланушыларға ЖИ-ны күнделікті өмірде пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Uniqa нақты уақытта 24/7 аралықтағы сөйлесулерден деректерді жинайды және талдайды, содан кейін оларды тиімді басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін Power BI есептерінде көрсетеді.

Адриатикалық аймақ та белсенді дамып келе жатқан стартап жобаларымен мақтана алады. Make IT Easy – бұл хорватиялық технологиялық стартап, оның mobileONE бұлттық шешімі көліктерге қосылу арқылы күнделікті әрекеттерді және бюджетті басқаруды жеңілдетуге болады деген идеяға негізделген. Жабдық өндірушісі ретінде белгілі хорватиялық CircuitMess компаниясы, аталмыш стартапты Американың дүкендерінде сатылып жатқан STEM оқу ойыншықтарына біріктіріп, соған ұқсас білім беру бойынша және ойын-сауыққа арналған электрондық құрылғыларды әзірлеп шығарады. Словенияда QLECTOR өндірістік компаниялар үшін жасанды интеллект негізінде шешімдер әзірледі. Бұл шешімдер жоспарлаушылар мен топ үйлестірушілеріне оңтайлы жобаларды бірлесіп құруға және үнемді өндірісті қолдауға мүмкіндік береді, QLECTOR LEAP AI платформасы мен цифрлық платформа негізінде өндірісті жоспарлау теориясы мен цехтардың нақты күйі арасындағы алшақтықты жояды. Ал сербиялық B2Bee стартапының бағдарламалық платформасында бірнеше біріктірілген қосымшалар бар. Олардың стратегиясы — алып кетуден бастап жеткізуге дейінгі барлық сату арналары бойынша көтерме сатушылардың түпкілікті қажеттіліктерін жабу. Мысал ретінде 2020 және 2022 жылдары белгілі стартаптардан нақты аймақтық «жалғыз мүйіздерге» айналған хорватиялық Infobip және Rimac.

«Ертеңгі жұлдыздар бүгін, дәл осы жерде, біздің өңірде дүниеге келіп жатыр және бізде олардың дамуында шешуші рөл атқаратын бірегей мүмкіндік бар.Бұған стартаптарға арналған Microsoft Founders Hub және ISV Success бағдарламалары көмектесе алады. Цифрлық технологиялар, бұлттық шешімдер, жасанды интеллект, үлкен деректер, заманауи желілер және әрбір бизнес-үдерістерді цифрландыру экономикалық кіріс пен өсуді қамтамасыз етудің кілті болатыны сөзсіз», — деп қорытындылады Альфредо Джаннаттасио. Microsoft компаниясының жақында жүргізген зерттеуі цифрлық дамыған елдердің экологиялық жағдайы жақсы, бай, жаңашыл және бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Күшті және цифрлық тұрғыдан жақсы дамыған стартап-базаның болуы олардың табысының негізгі факторларының бірі болып табылады.

от Bolat Mukashev

Bolat Mukashev bolat.mukashev@gmail.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *