Site icon CYBER STATE новости технологий

Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды

QAZAQ GREEN«Elcomtel» ЖШС Қызылорда қаласындағы эко-фазендада 105 кВт күн станциясын орнатты. Станция уақытша желілік станция ретінде жұмыс істейді.

«Эко-фазендаға 105 киловатт станцияны орнатқан болатынбыз. Дәл қазір кұрылысты толығымен аяқтадық, тек қана желілік сымды қосу ғана қалды. Бұл жерде Jinko Solar компаниясының жалпы қуаты 105 киловатт, 580 ваттық панельдерін орнаттық. Конструкциясын толық өзіміз жасадық және осы объектіге Huawei компаниясының 100 киловаттық желілік инверторын қойдық», – деп хабарлады компания өкілі.

Тұтынушы жасыл тарифті қосып, артық электр қуатын сататын болады. Кейінірек аккумулятор орнатып, гибридті станция ретінде қолдана алады, ол аяқ асты жарық өшіп қалған жағдайда аккумулятордан қуат көзін алады.

Exit mobile version